Назарбаев: Қытай халықаралық кооперацияны ынталандырудың жаңа драйвері болды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасын көтеріп, халықаралық кооперацияны ынталандыру жөніндегі міндетті мойнына алды. Бұл туралы бүгін «Бір белдеу, бір жол» атты жоғары деңгейдегі форум көшбасшыларының дөңгелек үстелінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады, деді Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Біз қазір бұл ағымдағы жүзжылдықтан бастап күшейіп келе жатқан әлемдегі саяси экономикалық және гуманитарлық дағдарысқа дер кезінде берілген жауап екенін көріп отырмыз. Патернализм, саяси дәлелді санкциялар қолдану миллиондаған халықтың өмірінің экономикалық белсенділігін әлсіретіп жіберді. Нәтижесін соңғы жылдардағы әлемдік экономика мен сауда-саттықтың төмендеп, баяулауынан байқауға болады. Осы жағдайда әлем халықаралық кооперацияны ынталандырудың жаңа драйверіне өте мұқтаж болды, бұл рөлді өзіне нарықтарды дамытудың жаңа біріктірілген бастамасымен Қытай алды», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаңа геоэкономикалық парадигманы қалыптастырады. Оны сәтті іске асыру 4,5 миллион жиынтық халықпен осы жолдағы елдерге пайда әкеледі, Қытай Халық Республикасы үшін нарық ашады.

«Біріншіден, «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен Қытай әлемге өңірлік кооперацияның жаңа үлгісін көрсетті.

«Бірлесіп даму арқылы тұрақтылыққа» деген ұстанымды көздейтін бұл жарияланған тәсіл ондаған мемлекеттердің экономикалық мүдделерімен үндесетін халықаралық ынтымақтастықтың тартымды үлгісі. Осыған байланысты қазір Жібек жолының белгілі бір жиегі көрінгенде, бұл макроөңірлік кооперацияны бірлесіп стратегиялық тұрғыдан үйлестіру қажет, форумның рөлі де осыны қамтиды», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Екіншіден, - деп сөзін жалғастырды Елбасы. Жібек жолының бастамаларын іске асыру тұтас өңірлерді, оның ішінде жаһандық контексте Қазақстан да кіретін Орталық Азияны жаңадан жайғастыруға ықпал етеді.

«Біздің география бізге ортақ пайда әкеледі. Орталық Азия, жүз жыл бұрынғы өзінің алтын кезеңі сияқты қазір де ірі нарықтар арасында басты көпірге айналып, қайтадан стратегиялық мәнге ие болды. Әр жыл сайын Тынық мұхитынан Атлантикаға дейін барлық жаңа және жылдам маршруттар игерілуде, соның арқасында Еуразияның өзінде ғана сауда көлемі 2020 жылы 1,2 триллионға артпақ. Иран, Ауғанстан және одан әрі Таяу шығыс пен Оңтүстік Азия нарықтарына шығу мүмкіндіктері жүзеге асырылуда», - деді Президент.

Еске салсақ, Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысумен, ҚХР-да екікүндік ресми іссапарда жүр.