ҚР Президенті: «Бір белдеу, бір жол» аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажет

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажеттілігін айтты, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Жібек жолы аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту маңызды», - деді ол «Бір белдеу, бір жол» атты жоғары деңгейдегі форум көшбасшыларының дөңгелек үстел отырысында.

Еске салсақ, форумға 29 мемлекет және 3 халықаралық ұйым (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуда.