Мемлекет басшысы Қытайдағы форумда «Үлкен Еуразия» идеясы туралы айтты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумының көшбасшылар дөңгелек үстелінде «Үлкен Еуразия» бірыңғай экономикалық кеңістік идеясы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы РФ Президенті Путиннің сөзіне қолдау білдіре келе, осы үдерісте («Бір белдеу, бір жол»)  Еуразиялық экономикалық одақтың атқарып тұрған маңызды рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы жалпы экономикалық дағдарыс кезінде тиісті қиындықтар болғанын, алайда ағымдағы жылы осы бірлестік аясында сауда көлемі 30 пайыздан астам деңгейге өсім байқалғанын жеткізді.

«Бұл ауқымды нарық, яғни 180 миллион халықты қамтып отыр. Осыған байланысты «Үлкен Еуразия» бірыңғай экономикалық кеңістіңті құру идеясы жаңа сипатқа бөленіп отыр. Жібек жолының экономикалық белдеуі ШЫҰ, ЕАЭО және ЕО тұғырнамасын тиімді байланыстыра алады», - деп тоқталды Н. Назарбаев.

Еске салайық, Елбасы ҚХР-ға екі күндік сапармен барды. Онда ҚР Президенті Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі форумға қатысуда.

Оған 29 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары, сондай-ақ БҰҰ, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдері  қатысуда