Словакиядағы қазақ сарбаздарының қабірлеріне гүл шоқтары қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Братиславада Қазақстан Республикасының Чехия мен Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Словакия Парламентінің төрағасы А. Данкомен, премьер-министр Р. Фицомен, қорғаныс министрі П. Гайдошпен, Словакияда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялар басшыларымен, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен  бірге Ұлы Жеңіс күніне орай «Славин» әскери-мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды.

ҚР елшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, рәсімнен кейін «Славин» мемориалдық кешендегі қазақ сарбаздарының қабірлеріне жеке гүл шоқтары қойылды. Бұл Қызыл Әскер жауынгерлері жерленген Словакиядағы ең ірі зират (6845 сарбаз).

Рәсімнен кейін отшашу болды. ҚР елшілігі қазақ сарбаздары Кеңес Одағының Батыры старшина М. Жүнісов, кіші сержант Т. Зайнуллин, қатардағы сарбаз Ж. Әжімов, Б. Нұржанов, М. Сапарбаев және А. Баевтің қабірлеріне жеке тағзым етілді.