Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы «Алаштың мерген қыздары» атты мақала жарияланды.

Сондай-ақ бүгінгі нөмірдегі маңызды мақалалардың бірі қазіргі уақытта өзекті болып отырған латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған. Мақала «Қазақтың ұлттық кодының бірі - төл жазу» деп аталады.

Газеттің жаңа санында аты аңызға айналған актёр Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толуына орай журналист Айгүл Аханбайқызының «Театр тарланы» атты мақаласы бар.

Нөмірдегі мәйекті материалдардың бірі ретінде мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков жайындағы «Өмірі сағыныштан тұратын ел ағасы» атты мақаланы айтуға болады.