ЭКСПО-2017: Сингапур үлкен идеялардың шағын қаласын көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Сингапур «Үлкен идеялардың шағын қаласы» («Small City, Big Ideas») атты ұлттық павильоны арқылы өз тәжірибесін таныстырады. Террариум үлгісінде жасалған павильонда тұрақты энергетика саласындағы әртүрлі идеялар мен инновациялар көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.