ЕУРО-2018: Негізгі раундта қазақстандық футзалшылар Данияны ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өткен Еуропа-2018 чемпионатының негізгі раундының F тобының матчында Қазақстан құрамасы Данияны 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші таймда даниялықтардың қақпасына Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин мен Дуглас төрт гол салды.

Үзілістен кейін даниялықтар тағы бір голды қақпаға жіберіп алды.

11 сәуір күні сағат 19:30-да Қазақстан алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткен Чехиямен бақ сынасады.