Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы тағы да жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада өтіп жатқан әлем чемпионаты бірінші дивизионының «Б» тобында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчында да жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Қытайдан ұтылған жерлестеріміз енді турнир қожайындарына буллит сериясында жол берді.

Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталған. Әзірге бір ұпай жинаған Қазақстан 5-ші орында келеді.

Әлем чемпионаты. Бірінші дивизион. «Б» тобы.

Қазақстан - Польша 3:4 Б (2:1, 0:2, 1:0, 0:0)

Шайбалар:

1:0 Лихаус - 06:01

2:0 Фукс - 11:06

2:1 Вишорек - 11:44

2:2 Чаплик - 24:39

2:3 Бигос - 28:59

3:3 Фукс - 46:32

Енді отандастарымыз 11 сәуір күні Латвиямен,   12 сәуірде  Словакиямен, 14 сәуірде  Италия құрамасымен сынға түседі.