Братиславаның фашист басқыншыларынан босатылғанының 72-жылдығына орай Братиславада гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

2017 жылғы 4 сәуірде Братиславада Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі С.Әбдікәрімов Словак Республикасының, дипломатиялық миссиялардың және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен бірге Братиславаның фашист басқыншыларынан босатылғанының 72-жылдығына орай «Славин» әскери-мемориалдық кешеңінде және Жеңіс монументінде гүл шоқтарын қойды.

Аталған шараларға словак тарапынан Ұлттық Кеңес Төрағасының орынбасары М.Глвач, Братиславаның Төрағасы И.Несровнал, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, словакиялық атнифашист-күрескерлер одағының және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Братиславаны жау тұтқынынан босатқан соғыс ардагерлері қатысты.

Салтанатты шаралардан кейін Словакиядағы ең ірі қызыл әскер сарбаздары жерленген (6845 жауынгер) «Славин» әскери-мемориалдық кешеңіндегі қазақ сарбаздары зираттарына жеке гүл дестелері қойылды.