Братиславада Тұңғыш Президент күні атап өтілді

IMG_93282016 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Елшілігі ҚР Құрметті консулдығымен бірлесіп Братиславада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: Словакиямен достық және әріптестік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Словакия қоғамдық-саяси қайраткерлері, Үкімет, Сыртқы істер министрлігі, мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы, іскерлік топтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов 1 желтоқсанда елімізде Тұңғыш Президент күнінің кеңінен атап өтілетінін және қазақ мемлекетінің дамуындағы жетістіктердің ел тәуелсіздігінің басында тұрған қазіргі Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екенін ерекше атап өтті.

IMG_9335Негізгі екпін осы жылдар бойы іске асырылған басты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістердің, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заңның үстемдігін, индустриялық және экономикалық өсімді, мемлекетіміздің ашықтығы мен есеп беру міндеттілігін қамтамасыз етуге және қазақстандықтарды болашағы біртұтас ұлт ретінде қалыптастыруға бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясының, «Нұрлы жол» бағдарламасының және «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының мазмұнына қойылды.

Қазақстандық дипломат Мемлекет Басшысының сыртқы саяси бағыты мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастамаларының іске асырылуы және мәнісі, қазақстандық-словак қатынастарының перспективалары туралы жан-жақты айтып берді.

IMG_9309Конференция қатысушыларына Қазақстан және Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Еуропалық Одақта төрағалық етіп отырған Словак Республикасының өкілдері барлық қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің көп ұлтты халқының гүлденуі жолында үдемелі реформаларды тиімді жүзеге асырудағы, табысты мемлекеттік құрылыстағы, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі көрнекті рөлін жоғары бағалады.

Кешке өткізілген салтанатты қабылдауда словак достарымыз бен әріптестеріміз қазақ ұлттық тағамдарын татып, халық музыкасы мен әртістеріміздің билерін тамашалады.

 Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшілігі