Елші С.Әбдікәрімовтің Чехия Машина жасау технологиялары қауымдастығының Директоры О.Пацликпен кездесуі

Елші С.Әбдікәрімовтің Чехия Машина жасау технологиялары қауымдастығының Директоры О.Пацликпен кездесуі 2016 ж. 22 тамызда Қазақстанның Чехиядағы Елшісі С.Әбдікәрімовтің Чехия Машина жасау технологиялары қауымдастығының Директоры О.Пацликпен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы машина жасау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елші С.Әбдікәрімов О.Пацликті ү.ж. 16 қыркүйекте Астанада өтетін IV Қазақстан машина жасаушылар форумына шақырды.

Өз кезегінде, О.Пацлик Чехия машина жасаушыларының экспортты шығыс бағытта кеңейтуге және қазақстандық әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын атап өтті. Сұхбаттасушы 2015 ж. Чехиядан Қазақстанға экспортталған машина жасау өнімі көлемінің 2014 ж. қарағанда 2,5 есе өскенін хабарлады.

Сонымен қатар, О.Пацлик Қазақстан тарапын ү.ж. 3-7 қазанда Брнода өтетін PLASTEX Brno 2016 Халықаралық пластмасса, резина және композиттер көрмесіне қатысуға шықарды.