Прагада Қазақстанның Дипломатиялық кеші өтті

2016 жылғы 10 наурыз күні Прага қаласында Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрлігімен және чех-қазақстандық сауда палатасының қолдауымен Қазақстанның Дипломатиялық кеші өтті. Аталған кеште                      ЧР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Парламентінің, СІМ-нің өкілдерімен қоса, ЧР-ның іскерлері мен сарапшылары қатысты.

Кештің ашылуында Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Я.Младек, Қазақстанның Елшісі С.Әбдікәрімов және чех-қазақстандық сауда палатасының төрағасы Е.Цой сөз сөйледі.

Министр Я.Младек сөз сөйлеуінде, Прага мен Астана арасында екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен кеңеюін өзара қызығушылық куәландыратын соңғы жылдардағы саяси сапарлардың жиелігін өскенін, екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың жоғарылауын атап өтті.

Чех министрі біздің көпұлтты еліміздің саяси тұрақтылығының арқасында Қазақстанның экономикалық дамуы мен модернизация нәтижелерін жоғары бағалап, Астанада 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы жаңа Келісімнің негізінде инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді. Сонымен қатар, Я.Младек Қазақстанның БСҰ-ға кіруі заңнаманың жетілдіруіне, іскерлік климаттың және қазақстандың экономиканың бәсекелестігін дамытатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, Елші С.Әбдікәрімов әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа және оның бізге әсеріне қарамастан, Қазақстан «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын (біздің сыртқы жаһандық өзгерістерге жауап ретінде танылатын) орындалуын айтты. С.Әбдікәрімов чех тарапын екіжақты сауда көлемінің төменденуіне әсерін тигізудегі дағдарыс салдарын шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуге шақырды.

Сонымен бірге, қазақстандық дипломат 2016 жылғы 20 наурызда өтетін парламенттік сайлауға саяси партиялардың дайындалуы туралы, Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін  және Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ұмтылуы туралы еске салып кетті.

Чех-қазақстандық сауда палатасының төрағасы Е.Цой чех іскерлерін Қазақстанмен белсеңді жұмысқа шақырды. Ол қазіргі таңда энергетика, инфрақұрылым, туризм, сауда, банктік іс пен металлургия салаларында 120-дан астам жобалар қарастырылуын белгілеп атады.

Кештің аяқталуында чех қатысушылардың алдында қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, қазақстандық ұлттық тағамдар ұсынылды.