Пресс-релиз

2016 жылғы 4 ақпанда Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Словак Республикасының Президенті Андрей Кискаға сенім грамоталарын тапсырды.

         Рәсім аясында өткен сұхбат кезінде тараптар қазақстандық-словакиялық екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аса назарлары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа серпін беру қажеттіне аударылды.

         Елші Словакия басшысын Қазақстанда «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Бес институциалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары негізінде қоғам мен экономиканың жаңғыртылуы, Қазақстанда өтуі жоспарланып отырған праламенттік сайлау мен біздің елдің сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етті. С.Әбдікәрімов                 ҚР сыртқы саясатының басымдылықтары Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмені өткізу болып табылатынын атап өтті.

         Словакия Президенті Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жолындағы жетістіктерін жоғары бағалап, екі мемлекет арасындағы достық қатынас пен сындарлы диалог келешекте өзара мүдделі салаларда күшейіп, дамитынына сенім артып отырғанын білдірді.

         Президент А.Киска Елшіні тағайындалуымен құттықтап, екі ел халықының игілігіне бағытталған жұмысына мол табыс тіледі.