Елшіліктің «Чехияда тазалық орнатамыз» жалпықалалық акцияға қатысуы туралы

DSC_8775_5002017 ж. 21 сәуірде Қазақстанның Прагадағы Елшілігінің ұжымы «Чехияда тазалық орнатамыз» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік Чехия Қоршаған орта министрлігінің және Табиғатты қорғау одағының қолдауымен өткізілді. Іс-шараға Прага тұрғындары, мемелекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және Чехияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Қазақстандық дипломаттар Праганың 10-ауданындағы «Қазақ» көшесін («Казашска») жинастырды. Бұл көше 1973 ж. ҚазКСР құрметіне осылай аталған. Сенбілік барысында «Қазақ» көшесінің гүлзары мен жаяужолдары қоқыстан тазартылды.

Прага 10-ауданының мэриясы мен «Қазақ» көшесінің тұрғындары өткізілген акция үшін Қазақстан Елшілігіне шынайы алғыстарын білдірді. Іс-шара туралы ақпарат Чех БАҚ-тарында жарияланды.

 

Қазақстанның Чехиядағы

және Словакиядағы Елшілігі