Қазақстан тарапы ҚХР мен Ресейден жеткізілген көкөністі кері қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші мемлекеттерден әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдер бойынша заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылдың 1-14 сәуір аралығында жоғары фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеру барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 12 фактісі анықталды»,-деп атап өтілген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан (40 тонна картоп, 1,05 тонна тұқымды пияз, 600 дана көшет), Қырғыз Республикасынан (19,5 тонна қырыққабат, 49 тонна пияз), Қытай Халық Республикасынан (38 тонна картоп) және Өзбекстан Республикасынан (628 дана көшеттер, 0,26 тонна кептірілген жемістер, 22 дана құмыралық гүлдер) өнімдер еліміз аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген.  «Осыған жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ карантинге
Толық

БҰҰ Астанадағы «ЭКСПО-2017» алаңында екі ірі шара өткізуді жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы барысында БҰҰ деңгейінде екі шара жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Астанада Орнықты даму мүддесіндегі энергетикалық халықаралық форумы және Энергетика мәселелері жөніндегі Министрліктер отырысы өткізілмек. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров пен БҰҰ бес Өңірлік комиссия өкілдерінің БҰҰ дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Энергетика ұлттық дамуға, жаһандық экономикалық өсімге септік тигізеді және 2015 жылдың қыркүйегіндегі БҰҰ Саммитінде әлемдік көшбасшылар бекіткен Орнықты Даму Мақсатының 17-сінің негізін  құрайды. Осыған байланысты жаңартылатын энергия өндірісін дамыту және тұтынуды арттыру міндеттері 2030 жылға қарай климат өзгеруінің орнықтылығына, экономикалық өсім мен кедейлік
Толық

Сарапшы: Референдум - Түркиядағы iшкi саяси процестердiң қорытындысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Конституцияға түзетулер енгiзу туралы референдум Түркияда соңғы жылдарда орын алған iшкi саяси процестердiң қорытындысы болып табылады.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтының сыртқы саясат бойынша сарапшысы Жұмабек Сарабеков осындай пікір білдіреді. «Ең алдымен, референдумнан кейiн Түркия парламенттiк басқару үлгiсiнен президенттiк үлгіге көшеді. Нәтижесінде, мемлекеттiк басқару жүйесі толығымен өзгертілмек: президент өкілеттіктерінің ауқымы кеңейтіледі. Бұдан былай, мемлекет басшысы парламентті таратуға және заң күші бар жарлықтар шығару құқығына ие болады. Бұл ретте референдум нәтижелерi түрiк қоғамындағы маңызды идеологиялық өзгерiстерден хабар беруі мүмкін»,- дейді сарапшы. Жұмабек Сарабековтың пайымдауынша, референдум нәтижелері қазіргі президент Эрдоған мен оның Әдiлеттiк және даму партиясының саяси позицияларының едәуір күшейгенін бiлдiредi. Конституция өзгергеннен соң,
Толық

Мұхамедиұлы Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасақтауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасақтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл тапсырма Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған негізгі идеяларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. «Мемлекет басшысы «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын қолға алуды тапсырды. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипатқа ие қасиетті жерлері бар. Бұл - рухани дәстүрдің негізі. Қазақстан үшін бұл өте маңызды, себебі бай тарихқа ие, киелі де кең-байтақ жерге ие Қазақстан еш қиындықтарға, сұрапыл замандарға қарамастан, аталмыш киелі жерлердің географиясымен байланысты үзген емес. Осы тұрғыда, Президент Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және
Толық

Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесуде Елбасыға Түркі академиясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.   Д.Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаевқа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты Академия жұмысының перспективалары, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен «Ұлы дала» гуманитарлық форумының нәтижелері туралы баяндады. Д.Қыдырәлінің мәліметі бойынша, Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерліктері табылған. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Академия жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.  
Толық

ЕУРО-2018: Негізгі раундта қазақстандық футзалшылар Данияны ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өткен Еуропа-2018 чемпионатының негізгі раундының F тобының матчында Қазақстан құрамасы Данияны 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. Бірінші таймда даниялықтардың қақпасына Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин мен Дуглас төрт гол салды. Үзілістен кейін даниялықтар тағы бір голды қақпаға жіберіп алды. 11 сәуір күні сағат 19:30-да Қазақстан алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткен Чехиямен бақ сынасады.
Толық

Биыл 325 ұйым, ал 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылатын болады - Сүлейменов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы 325 ұйым, ал 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауда Үкіметке Кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтермен бірлесіп жекешелендіру процесін жандандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде», - деді ол. Министрдің атап өтуінше, 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кестелер қайта бекітіліп, әрбір нысанды сату жөніндегі жол карталары әзірленген. «Нәтижесінде 2017 жылы 325 ұйым, ал 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылатын болады. 2019-2020 жылдары еліміздің «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ,
Толық

Карзай Қазақстанға 2 млн доллар көлеміндегі көмегі үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ауғанстан сыртқы істер ведомствосы арасындағы кезекті консультациялар басталды. Ислам Республикасының делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Хекмат Халиль Карзай бастап келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өз сөзінде Карзай мырза Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанымен құттықтап, Ауғанстанның еш ойланбастан Қазақстанға дауыс бергенін жеткізді. Алдағы уақытта еліміздің осы қызметтегі бастамаларына қолдау білдіретінін де атап өтті. Осыдан кейін мәртебелі мейман қазақ xалқының Ауғанстанға берген көмегі үшін алғыс айтты. «Ауған елі қиыншылық көргенде Сіздер демеу болып, сан алуан проблемаларды шешуге көмек бердіңіздер. Сіздер ауған жастарына мыңдаған стипендия тағайындап, Қазақстанның маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасадыңыздар. Олар генетика және тағы басқа ғылым салалары бойынша оқып жатыр. Дәл осы жастар ертең өз елін алға сүйрейді. Біз
Толық

2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары сатылуы тиіс 404 нысанның 130-ы 2017-2018 жылдар аралығында саудаланатын болады. 2017 жылы 325 нысанды, оның ішінде республикалық меншіктегі - 30, коммуналдық меншіктегі - 177, Ұлттық холдингтердің 67 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 51 нысанын сату жоспарланған. «2018 жылы 61, оның ішінде республикалық меншіктегі 4, коммуналдық меншіктегі 19, Ұлттық холдингтердің 35 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 нысанын сату жоспарлануда. Аталған нысандардың  50-і Топ-65 тізіміне кіреді. Олардың 2017 жылы 29 топ нысанын, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 21 және республикалық меншіктің  8 топ нысанын сату көзделіп отыр», - деді Сұлтанов. Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы 21 топ нысан
Толық

Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы тағы да жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада өтіп жатқан әлем чемпионаты бірінші дивизионының «Б» тобында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчында да жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдымен Қытайдан ұтылған жерлестеріміз енді турнир қожайындарына буллит сериясында жол берді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталған. Әзірге бір ұпай жинаған Қазақстан 5-ші орында келеді. Әлем чемпионаты. Бірінші дивизион. «Б» тобы. Қазақстан - Польша 3:4 Б (2:1, 0:2, 1:0, 0:0) Шайбалар: 1:0 Лихаус - 06:01 2:0 Фукс - 11:06 2:1 Вишорек - 11:44 2:2 Чаплик - 24:39 2:3 Бигос - 28:59 3:3 Фукс - 46:32 Енді отандастарымыз 11 сәуір күні Латвиямен,   12 сәуірде  Словакиямен, 14 сәуірде  Италия құрамасымен сынға түседі.
Толық

Братиславаның фашист басқыншыларынан босатылғанының 72-жылдығына орай Братиславада гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

2017 жылғы 4 сәуірде Братиславада Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі С.Әбдікәрімов Словак Республикасының, дипломатиялық миссиялардың және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен бірге Братиславаның фашист басқыншыларынан босатылғанының 72-жылдығына орай «Славин» әскери-мемориалдық кешеңінде және Жеңіс монументінде гүл шоқтарын қойды. Аталған шараларға словак тарапынан Ұлттық Кеңес Төрағасының орынбасары М.Глвач, Братиславаның Төрағасы И.Несровнал, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, словакиялық атнифашист-күрескерлер одағының және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Братиславаны жау тұтқынынан босатқан соғыс ардагерлері қатысты. Салтанатты шаралардан кейін Словакиядағы ең ірі қызыл әскер сарбаздары жерленген (6845 жауынгер) «Славин» әскери-мемориалдық кешеңіндегі қазақ сарбаздары зираттарына жеке гүл дестелері қойылды.
Толық

10 жасар атыраулық вундеркинд дойбыдан ҚР чемпионы атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскелеңде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», - деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш. Бапкердің айтуынша, спорттық ережеге сәйкес Жұмалиев ҚР спорт шебері атағын алуы тиіс. Бірақ, қазақстандық ереже бойынша, бұл атақ 14 жастан кейін ғана беріледі. «Әзірге бұл мәселе қаралып жатыр», - деп хабарлады Молдаш.   
Толық

Бауыржан Байбек Жапонияда Токио қаласының мэрімен жүздесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Жапонияға барған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек күншығыс елінің іскер орта өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Токио қаласының мэрі Юрико Койке ханыммен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Тараптар  инвестициялық, сауда-экономикалық салалар және қаланы одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Токио мэрі Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейін ерекше атап өтті және Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017  көрмесіне  табыс тіледі», - делінген хабарламада. «Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады. Сіздің бұл сапарыңыз өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпіліс береді деген ойдамын», -  деп атап өтті  Ю.Койке. «Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танакамен болған кездесуде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан «Tokyo
Толық

Сенаторлар коллекторлық қызметке қатысты заң жобасын «шикі» деп тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне кері қайтарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Сенат отырысында депутаттар заң жобасын қорғауға келген ҚР Ұлттық банктің  төрағасы Дәурен Ақышевке көп сауал қойды. Құжатта кереғар тұстар да жетерлік екені анықталды. Осыған байланысты сенаторлар бірнеше ұсыныс енгізе отырып, аталмыш заң жобасын Мәжіліске қайтаруды ұйғарды. «Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында Сенат комитеттерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады», - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Р. Аxметов.  
Толық

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ВВС корпорациясымен меморандум жасасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру,  дөңгелек үстелдер өткізу, ұлттық және аймақтық БАҚ үшін лекциялар ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету жоспарланған. Сонымен қатар, меморандумда негізгі бағыты цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу аясында қазақстандық телеарналардың техникалық дамуы бойынша бірлескен кеңес беруді жүргізу,
Толық

Қазақстанда әлеуметтік салық қаншалықты төмендеуі мүмкіндігі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанда әлеуметтік салық көлемі қаншалықты төмендеуі мүмкін екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оның (әлеуметтік салық) әсерін сезіну үшін 1,5-2 есеге қысқарту қажет. Дегенмен, бұл мәселе салық салу жөніндегі жұмыс тобы аясында қарастырылып жатыр және Үкімет тарабынан бекітілген жоқ. Нақты соманы жария етуге дайын емеспіз», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Мәжілістегі Үкімет сағаты аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, Бұған дейін министр 2010 жылдан бері елімізде салық жүктемесі біртіндеп төмендетілгенін және қазіргі уақытта барынша төмен болып отырғандығын айтқан болатын. http://www.inform.kz/kz/kazakstanda-aleumettik-salyk-kolemi-tomendetilui-mumkin_a3011154 «5 пайыздық зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері бойынша қабылданған шешімдерге байланысты жалақы қорына жүктеменің арта түсетіндігімен түбегейлі келісемін. Бұл бізді алаңдатып қана қоймай сонымен
Толық

Тоқаев: ҰҚШҰ - жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы ТМД мен ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді. 26 наурызда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысы болды. Оның күн тәртібі Ұжымдық қауіпсіздік шартының қол қойылуының 25 жылдығына, ҰҚШҰ-ның құрылуының 15 жылдығына және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрылуының 10 жылдығына  арналды. Қ.Тоқаев өз сөзінде ҰҚШҰ-ны Еуразиядағы әскери-саяси тұрақтылықтың маңызды факторы болып отырған беделді халықаралық құрылым ретінде сипаттады. Төраға «ҰҚШҰ әлеуетін және біздің Ұйым аясындағы әріптестікті нығайту Қазақстан Республкасының мүдделеріне толықтай сай келеді, сондықтан оның қызметін үдетуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар енгізген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында болып отыр», - деп атап өтті. Қ.Тоқаев жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі ретінде ҰҚШҰ өз рөлін нығайтуы
Толық

СІМ экономикалық дипломатияға барынша мән беретін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық дипломатияны күшейту - бұл Сыртқы істер министрлігі барша жүйесінің аса маңызды мақсаты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің одан ары қарай жаңғыруының асқақ міндеттерін айқындап, біздің алдымызға өте маңызды бағыттарды белгіледі. Оларды іске асыруға экономикалық дипломатияны жандандыру қажеттілігін атап көрсетті. Тұтастай алғанда, сыртқы саяси ведомство Елбасы белгілеп берген өлшемдер аясында қызмет атқаруда. Біз аталған тапсырмаларды орындау бойынша белсенді жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бірақ оны біз мойындауымыз керек, бұл салада кемшіліктер әлі көп»,-деп тоқталды министр. Оның сөзіне қарағанда, сыртқы саяси ведомство мен оның шет елдегі мекемелері қызметінен экономикалық серпіннің артуы үшін қадамдарды қайта қарастыру қажеттігі бар. «Осының барлығы Жолдауда айқын көрініс тапқан және
Толық

Байбек медициналық мекемелерді Израиль мен Германия компанияларына беруді ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған ІІІ жыл сайынғы кәсіпкерлер конференциясында қаладағы медициналық мекемелерді шетелдіктерге беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматылықтар шетелде емделуге 500 миллион доллар жұмсайды. Олардың дені Оңтүстік Корея, Израиль, Германияға барады. Меніңше, біздің медициналық мекемелерді осындағы біреуге бере салмай, сол брендтерге беру қажет. Біз барып емделетін брендтерге беру керек. Олармен осында келіп қызмет көрсету жағынан келісу керек. Сонда пациенттер жағы артады. Себебі, визаға, жолға, ұшаққа, сонда тұруға ақша жұмсалады. Онымен қатар, емделуге адам жалғыз бармайды. Біз ашықтықты сақтай отырып, алматылықтар сенетін компаниялар осында келетіндей жағдай жасағымыз келеді», - деді Бауыржан Байбек.  Айта кетейік, бүгін Алматы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде Алматы қаласы кәсіпкерлігі дамуының негізгі
Толық

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа арнадан қазақ киносының алтын қорындағы барлық туындыларды тамашалауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған арнадан отандық деректі фильмдер мен сериалдар көрсетіледі. Сондай-ақ жас кинематографистердің шығармалары да эфирге шығатын болады. "Алтын қорымызды ұрпақ игілігіне жаратуды көздеген жаңа арнаны біз елдің арнасы болсын деген ниетпен "Ел арна" деп атадық. Жаңа телеарна бүтін бір буынға әсер еткен Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов сияқты майталмандардың туындыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насиxаттауға тамаша мүмкіндік береді. Сонымен қатар біздің мақсатымыз - білім, ғылым мен өнер саласына арналған деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалардың көрерменге барынша қолжетімді болуына ықпал ету, еліміздің ақпараттық кеңістігін өз туындыларымызбен қамту. Бұл арнаның ашылуы кино саласындағы жас мамандар үшін де үлкен қолдау деп білемін. Енді, олардың
Толық