Жалпы мәлімет
Қазақстан Республикасы
— Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады.
Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.).
Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге.
Мемлекеттiк құрылысы.
Қазақстан— 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады.
Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Табиғаты.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда областары) – атақты ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіш мәдениетіне бай және ежелгі тарихи аймақ. (Тараз қаласында Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджы-Хатун кесенелері, Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауй кешені, Алматы облысындағы Жетісудағы сақ қорғаны, Аймақта Байқоңыр космодромы орналасқан. Сонымен қатар аймақтардағы климаттық мүмкіншіліктер демалуға, емделуге, аң аулауға, альпинизм, тау шаңғысы және коньки спорт түрлерімен айналасуға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) – Орал, Волга, Каспий теңізі бассейндерінің Еуропа және Азия континеттер тоғысында орналасқан. Бұл жерде ғаламшардағы екінші терең нүкте – теңіз деңгейінен төмен 132 м орналасқан Қаракүйе ойпаты, атақты борлы жартас бар. Су аңшылығына мүмкіндіктер бар. Су спорт түрлерінің дамуы. Өте маңызды ғылыми қызығушылықты, Қазақ эпосымен байланысты Маңғышлақ және Үстірт ескерткіш жерлері бар қорықтағы ескерткіштер тудырып отыр. Солтүстік Қазақстан.
Солтүстік Қазақстан(Қостанай, Солтүстік –Қазақстан және Павлодар облысы) - аймақтың климаттық мүмкіндіктері туризмнің түрлі түрімен айналасуға мүмкіндік береді. Су, автомобилді, велосипедті т.б түрлері бар. Көкшетау, Баян-ауыл, Мұғалжарда курорттар емделуге жақсы болса, Корғалжын және Наурыз қорықтары ғылыми туризммен айналысатын туристерге қолайлы.
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) орналасқан. Әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Балқаш бар, өте әсем Қарқаралы таулы-орман оазисі кімді болсын бей-жай қалдырмас. Шет жақта археологиялық және этнографиялық обьектілері орналасқан ескерткіш орындары бірден көзге түседі.
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан – бұл Алтай және оның тау бөктерінде орналасқан орманды, көлді аймақтары. Ертіс және Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сауысқан. Богаты көлдеріне және фауна мен флора байлықтарына бай аймақ. Семей аймағы – ұлы қазақ халқының ақыны-ағартушысы Абай Құнанбайұлының туып өскен жері.






