Хабарландыру
«Чехия мемлекетіндегі ең үздік қазақстандық студент 2011» байқауы.
Қазақстан жастарының Чехия мемлекетіндегі «Тарлан» бірлестігі, Чехия мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесе отырып, Чехия мемлекетінің жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақ студенттері арасында жыл сайынғы өтетін «Чехия мемлекетіндегі ең үздік қазақстандық студент 2011» атты байқауы болатындығын жариялайды.
Бұл байқаудың басты мақсаты: Чехия мемлекетінің жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақ студенттері арасынан дарынды және белсенді қазақ жастарын айқындау.
Байқауды ұйымдастырушы: Чехия мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі.
Байқаудың басты міндеті: Жылдық ең үздік 2011 студентті таңдау.
Байқауды атқарушы: Қазақстан жастарының Чехия мемлекетіндегі «Тарлан» бірлестігі.
Атқарушының міндеттері: қажетті құжаттарды жинау мен «Жылдық ең үздік студент» 2011 байқауына үміткерлерді іріктеу.
Байқаудың демеушісі: «EURO Touch» by «Bohemia Travel system» (BTS).
«Жылдық ең үздік студент» 2011 байқауының үміткерлері.
Байқау, Чехия мемлекетінің жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақ студенттері арасында өтеді.
Іріктеменің өтілу тізбегі:
Байқау екі айналымнан тұрады.
Бірінші айналым төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
1. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» атты тақырыбына, көлемі ең кемінде 3000 сөзден тұратын ЭССЕ жазу.
2. Резюме.
3. Өзіңізді осы «Жылдық ең үздік студент» 2011 атағына лайық екеніңізді дәлелдейтін 1000-1500 сөзден тұратын ХАТ жазу.
4. Студенттің үлгірімі туралы оқу орнының деканы растаған жалпы орташа бағасы.
5. Қоғамдық өмірге белсенді араласқандығын дәлелдейтін мақтау қағаздары, дипломдары және куәліктері.
6. Басқа да ғылымдық және ғылымдық емес мақалалар, шетел тілін білетіндігін растайтын куәліктер.
Құжаттарды толтыру қажет.
7. Фотосурет
Бірінші айналымның қорытындысы бойынша бірнеше қатысушы студенттер таңдалады және келесі екінші айналымға өтеді.
Екінші айналым Чехия мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының елшісімен және басқа да Қазақстан Республикасының елшілігі өкілдерімен әңгімелесу арқылы өткізіледі.
Барлық құжаттарды мына электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: tarlan.kz.cz@gmail.com
- Microsoft Word 2003 үлгісі арқылы жоғарыда аталған 1-3 қажетті құжаттар тармақтарын.
- PDF үлгісі арқылы 4-6 қажетті құжаттар тармақтарын.
- JPEG үлгісі арқылы 7 қажетті құжат тармағын.
Құжаттар 2011 жылдың 8 мамыр, сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Ең үздік студент мына сыйлық иесі аталады:
Чехия – Казахстан - Чехия (Прага-Алматы- Прага) АВИАБИЛЕТІ сыйлығы.
Чехия мемелекетіндегі Қазақстан Республикасының елшілігінің арнайы бланкісінде толтырылған, атаулы «Жылдық ең үздік студент 2011» мақтау қағазымен марапатталады.






