Пресс-релиздер

Прагада экономикалық, өнеркәсіп және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2017 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында Прага қаласында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колибаның тең төрағалығымен қазақстан-чехия экономикалық, өнеркәсіп және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның тоғызыншы отырысы өтті. Отырыс барысында экономика мен сауда, инвестиция, энергетика, өнеркәсіп, білім беру мен ғылым, ауыл шаруашылық, туризм және аймақ аралық қарым-қатынас салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі таңдағы және болашақ дамуы талқыланды. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша екіжақты тауар алмасу 252,2 млн. АҚШ. долл. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 7,2 % кем (271,8 млн. АҚШ. долл.). Аталған көрсеткіштің төмендеуі – әлемдегі шикізат тауарлары мен энергия тасымалдаушылардың арзандауы. Осыған орай, тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандырудың маңыздылығын, сонымен қатар халықаралық және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту
Толық

Прагада Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды талқылады

2017 ж. 10 ақпанда Қазақстанның Прагадағы Елшілігі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы жолдауын және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халыққа жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Чехия Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігінің, алдыңғы қатарлы талдау орталықтарының, іскерлік топтарының және БАҚ өкілдері қатысты. Елші С.Әбдікәрімов кездесу қатысушыларына еліміздегі демократиялық өзгерістерге және Қазақстанның алдағы перспективадағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық реформаның мақсаттары мен үшінші жаңғырту стратегиясының мазмұны туралы толық айтып берді. Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Чехия арасындағы серпінді дамып келе жатқан ынтымақтастық туралы да баяндады, сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы іс-қимылы, Иран ядролық бағдарламасының,
Толық

2016 ж. 15 қарашада Прагада Чехияның ТМД елдерімен қатынастары жөніндегі Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Коммерциялық банк» АҚ Қазақстанның Чехиядағы Елшілігімен ынтымақтасып, «Чех-қазақ сауда-экономикалық ынтымақтастығы: мүмкіндіктер және талаптар» атты семинар өткізді.

2016 ж. 15 қарашада Прагада Чехияның ТМД елдерімен қатынастары жөніндегі Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Коммерциялық банк» АҚ Қазақстанның Чехиядағы Елшілігімен ынтымақтасып, «Чех-қазақ сауда-экономикалық ынтымақтастығы: мүмкіндіктер және талаптар» атты семинар өткізді. Іс-шараға Чехия Сыртқы істер министрлігінің, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чехия павильонының комиссары Я.Крс қатысты. Семинарда Елші С.Әбдікәрімов аудиторияны Қазақстан өнеркәсіп кешенінің инвестициялық әлеуеті және отандық экономиканың басым секторлары туралы хабардар етіп, еліміздің инвестициялық саясаты мен әлеуетті инвесторларға ұсынылатын инвестициялық преференциялар туралы толық ақпаратпен бөлісті. ЧР Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Янчарек өз баяндамасында елдеріміз арасындағы екі жақты қатынастардың оң және серпінді дамуына қанағат білдіріп, Қазақстан Чехияның Орталық Азия аймағындағы аса маңызды әріптесі
Толық

Прагада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Еуразиялық симфониялық оркестрдің салтанатты гала-концерті өтті

2016 ж. 15 қарашада атақты «Рудольфинум» прагалық филармониясының концерттік залында Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан халық әртісі Айман Мұсақожаеваның басшылығындағы Еуразиялық симфониялық оркестрдің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты гала-концерті өтті. Салтанатты кешті аша отырып, Елші С.Әбдікәрімов Қазақстан мен Чехияның жылы әрі достық қатынастары туралы баяндап, осындай мәдени іс-шаралардың халықтарымызды жақындастыратынын атап өтті. Концерт бағдарламасында «Шабыт» ансамблі, «Қорқыт-Ата» аспаптық ансамблі, «Айгөлек» скрипкашы балалар ансамблі орындаған қазақ шығармалары тыңдаушыларын тәнті етті. Музыкалық кеште атақты чех баритоны, Еуропалық өнер одағының ең жоғары наградасының иегері Филип Банджак опералық ариялар орындады. Кештің шарықтау шегі біздің сүйікті әрі атақты скрипкашымыз, Халық әртісі және Қазақстан Еңбек ері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры,
Толық

Universiade 2017, Introduction

Event organizer: State Fund “Organising Committee for the International Sports Events in Almaty” Date and time: January 29 – February 8, 2017 Location: Almaty Client’s groups: Athletes and referees;FISU and FISU family;Future FISU event organizers;VIP persons and guests;Volunteers; Tourists and guests of Almaty city.  Universiade objectives: sport promotion as one of the significant parts of physical education system, and Almaty city tourism development. Universiade slogan: «Spread your wings» Official web site: http://almaty2017.com Universiade – international sports competitions among students under the egis of the International Student’s Sport Federation (FISU).  More than 50 years Universiade is considered as a second global representative and international event all over the world’s sports arena. Students, postgraduates and graduates of previous Universiades aged from 17 to 28 are allowed to participate in the
Толық

Прагада Қазақстанның Дипломатиялық кеші өтті

2016 жылғы 10 наурыз күні Прага қаласында Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрлігімен және чех-қазақстандық сауда палатасының қолдауымен Қазақстанның Дипломатиялық кеші өтті. Аталған кеште                      ЧР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Парламентінің, СІМ-нің өкілдерімен қоса, ЧР-ның іскерлері мен сарапшылары қатысты. Кештің ашылуында Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Я.Младек, Қазақстанның Елшісі С.Әбдікәрімов және чех-қазақстандық сауда палатасының төрағасы Е.Цой сөз сөйледі. Министр Я.Младек сөз сөйлеуінде, Прага мен Астана арасында екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен кеңеюін өзара қызығушылық куәландыратын соңғы жылдардағы саяси сапарлардың жиелігін өскенін, екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың жоғарылауын атап өтті. Чех министрі біздің көпұлтты еліміздің саяси тұрақтылығының арқасында Қазақстанның экономикалық дамуы мен модернизация нәтижелерін жоғары бағалап, Астанада 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы жаңа
Толық

DHL компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің серіктесі болуға ниетті

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және "DHL Trade Fairs & Events" компаниясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.  "DHL Trade Fairs & Events" компаниясының вице-президенті Винчензо Скрудато  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшысы Аxметжан Есімовпен кездесуі барысында DHL компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің серіктесі болуға ниетті екендігін мәлім етті.  "Біздің компания ЭКСПО-2017 тақырыбымен үндес келеді. Себебі біздің "жасыл" теxнологиялар мен жаңа инновациялар қолдануда берік ұстанымдарымыз бар. Біз ЭКСПО-2017 көрмесін қолдауға дайынбыз", - деді Винчензо Скрудато.  Өз кезегінде кездесу барысында А. Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясында іске асырылып жатқан жобалар жайында, көрме кешенінің құрылысы мен көрменің басты мақсаттары туралы айтып берді.  "Әлемде осынау ірі және әлемдік деңгейде танымал компанияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға және оны қолдауға ниет білдіруі біз үшін маңызды. DHL компаниясы әлемде ауқымды филиалдар желісіне ие компаниялардың бірі, ол бізге барша әлем
Толық

ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының ІІ жиналысына 100-ден астам ел қатысады

2016 жылдың 24-25 ақпан күндері Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысы өтеді. Жиналысқа Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, сондай-ақ көрмеге қатысу үшін ресми шақырту жолданған әлемнің 100-ден астам елінен шамамен 270 делегат қатысады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінен хабарлады. Халықаралық қатысушылардың жиналысы - жыл сайын өткізілетін,  ЭКСПО-ны ұйымдастырудағы басты шараның бірі.  Бұл қабылдап отырған елдің, Халықаралық көрмелер бюросы мен қатысушылардың олардың ішінде бекітілген немесе қызығушылық танытқан әлеуетті қатысушыларға көрмені ұйымдастырудағы кезеңдеріне қатысты ақпарат алмасу тұғырнамасы ретінде пайдаланылады. Жиналыс барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ХКБ-ның Бас хатшысы Висенте Лоссерталес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев, Астана әкімдігі
Толық

ҚР мен РФ арасындағы объектілер мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу хаттамасы ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР мен РФ арасындағы объектілер мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу хаттамасы ратификацияланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. «Мемлекет басшысы «1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды» делінген хабарламада.  Заң мәтіні баспасөзде жарияланады
Толық

Дарига Назарбаева призвала самозанятых платить налоги

Заместитель Премьер-Министра РК Дарига Назарбаева, выступая сегодня на расширенной коллегии Министерства здравоохранения и социального развития РК, призвала самозанятых исправно платить налоги. «Медицинское страхование также нам поможет вывести из тени самозанятое население. 2,7 млн человек, которые так  же, как и все официально работающие и уплачивающие налоги граждане, получают бесплатную медицинскую помощь, их дети получают бесплатное образование, претендуют на социальную защиту, пенсии по старости, не уплачивая ни копейки денег в бюджет страны. Это несправедливо. Конечно, с одной стороны, государство закрывало на это глаза, потому что люди сами обеспечивают себя работой, заработком. Но если мы хотим, чтобы социальная сфера была поставлена на высоком уровне, были хорошие дороги, дети получали образование и каждый из нас мог рассчитывать на достойную жизнь в старости, мы должны платить налоги, нравится нам это или нет», - сказала она. По ее словам, «на этом
Толық

Қазақстан спортшыларының «РИО-2016» Олимпиадасындағы парадтық киімі таныстырылды

Бүгін Астанада Қазақстан спортшыларының «РИО-2016» Олимпиада ойындарында киетін парадтық киімі таныстырылды. Айта кетейік, парадтық және спорттық киімдерді Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина және Сәкен Жүнісбекұлы мүшелік ететін арнайы топ жасақтады. «Біз осы формаларды тігу үшін Юрий Мельниченко, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина және Сәкен Жүнісбекұлы - барлығымыз арнайы кеңес құрдық. Парадтық киімдер қандай болатынын талқыладық. Менің ойымша, форма өте жақсы шыққан. Олардың матасы өте сапалы. Түстерін аздап қанықтыру керек, сары түсі ашықтау болса деген тілек бар. Мен өзім екі мәрте Олимпиада ойындарына қатыстым, Ольга да Олимпиадада болды, біз спортшыларға ыңғайлы болу үшін барлығын ескеруге тырыстық. Ең бастысы спортшы үшін жаттығу кезінде ыңғайлы болғанын қаладық. Бразилиядағы ауа райы да ескерілді», - дейді Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының
Толық

Президенттің жұмыс кестесі: 2015 жылдың негізгі қорытындылары

2015 жыл тек қана маңызды мерекелік күндерімен ғана емес, сонымен бірге, елеулі жаңа сынақтарымен де қазақстандықтардың есінде қалды. Осының бәрі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды әлемде болып жатқан қарышты өзгерістерге бейімдеу жөніндегі ойластырылған және жүйелі қадамдар жасауын талап етті. Жыл бойы Президент Н.Ә.Назар­баевтың қатысуымен шетел­дік сапарларды, өңірлерге жасалған жұмыс сапарларын, түрлі мәжілістер мен кеңестерді, халықаралық және республикалық форумдарды, конференциялар мен съездерді, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдауларды, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесулерді, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарға баруды қамтитын 700-ге тарта хаттамалық іс-шара болып өтті. Мемлекет басшысы 17 кеңес өт­кізді, солардың қатарында Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен өткен - 13, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен өткізілген 2 кеңес
Толық

Жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады

Жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін 2016 жылы Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Дағдарысқа қарсы шараларға арналған Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті. «Дағдарысқа қарсы шаралардың төртінші бағыты  жаңа инвестициялық саясат. Бұл ретте ел экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру үшін 2016 жылдың бірінші тоқсанында Үкіметтің Нақты іс-қимыл жоспары қабылданатын болады. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес, инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шаралар толық қамтылады. Бұдан бөлек, осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2016 жылдың қаңтарында Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады», деді Ерболат Досаев. Министрдің айтуынша, 2016 жылдың шілде айына дейін еліміздің алты  макроөңірінде (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық Қазақстан, Батыс, Алматы және Астана) инвестициялық даму бағдарламалары әзірленеді. «2016 жылдың наурыз айына дейін үкіметтік
Толық

Елбасы: Таяудағы онжылдықта Қазақстан экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. ҚазАқпарат ХАА Жолдаудың толық мәтінін таратады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»    Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен   Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!  Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.  Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге
Толық

Сайлауалды тұғырнаманың міндеттері мерзімінен бұрын орындалуда - «Нұр Отан» партиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлауалды тұғырнама көрсеткіштерінің басым бөлігі мерзімінен бұрын орындалды. Бұл туралы бүгін Астанада Сайлауалды тұғырнаманың бағыттары бойынша сараптамалық топтардың қызметіне арналған  баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Стратегия және мониторинг департаментінің директоры Сәруар Кенжеболат мәлім етті. «Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуын қамтамасыз ету сараптамалық топтарда қаралып жатыр. Тұғырнаманы жүзеге асыруға ықпал ететін заңнамалық немесе бағдарламалық мәселелерді де осы сараптамалық топтарда қарайды. Сондықтан партиялық тәлімгерлер (куратор) өзінің бағыты бойынша Сайлауалды тұғырнаманың орындалуын қамтамасыз етулері тиіс. Жалпы алғанда 3,5 жыл бойынша іске асыру нәтижелеріне тоқталатын болсақ,  70 пайыздай көрсеткіштер қазір сәтті орындалуда»,-деді С. Кенжеболат. Осы орайда ол мерзімінен бұрын орындалған көрсеткіштер де бар екенін атап өтті. Мәселен, үш жарым жыл қорытындылары бойынша инфляция,
Толық

Елбасы халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.  Заң жоғары білікті шетелдік мамандар тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, сондай-ақ халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы саласындағы саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Толық

Чешским деловым кругам презентовали инвестиционные возможности специальных экономических зон Казахстана

13 ноября 2015 года в Праге состоялась бизнес-конференция, посвященная инвестиционному потенциалу специальных экономических зон (СЭЗ) Республики Казахстан. Организатором мероприятия выступило Национальное агентство по экспорту и инвестициям «KAZNEX INVEST» при поддержке Министерства по инвестициям и развитию и Посольства Казахстана в Чехии. Прага в качестве места проведения делового форума выбрана неслучайно, поскольку в 2009 году Чехия внесла Казахстан в список своих 12-ти приоритетных экономических партнеров, и с того времени товарооборот между двумя странами вырос в шесть раз и достиг 1,2 млрд. долларов США в 2014 году. Большим импульсом расширению и укреплению политических и торгово-экономических связей, а также динамичному росту товарооборота способствовали официальные визиты Главы нашего государства в Прагу в 2012 году и Президента Чехии в Казахстан в 2014 году.     Выступая с приветственным словом, Посол Казахстана в Праге Сержан Абдыкаримов отметил, что в нашей
Толық

ҚР Президенті БҰҰ жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды (баяндаманың толық мәтіні)

АСТАНА-НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы пікірсайысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат Елбасының сөйлеген сөзінің толық мәтінін таратады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі Құрметті Төраға мырза! Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті әріптестер! Ханымдар мен мырзалар! Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мәні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар жетпіс жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, әлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымын 70 жыл бұрын елу бір мемлекет құрды. Ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде әлемдік
Толық

Астана әкімі мен Чехияның Оңтүстік Моравия аймағының губернаторы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Чехия Республикасы Оңтүстік Моравия аймағының губернаторы Михал Гашекпен кездесті. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас алдағы уақытта да өзара тиімді серіктестікті нығайтуға әлеуетті. Аймақаралық қатынасты дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Оңтүстік Моравия аймағының гейтманы ғана емес Чехия өңірлері Ассоциациясының төрағасы ретіндегі Қазақстанға жұмыс сапарыңыз екі ел арасындағы аймақаралық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі белсендіруге қосымша серпін беретініне сенімдімін», - деді Ә.Жақсыбеков. М. Гашек Чехия Республикасының Президенті М. Земанның Қазақстанға жасаған ресми сапарынан кейін оған екі жақты ынтымақтастықтың практикалық шешімдерін табу міндеті қойылғанын атап өтті. Оңтүстік Моравия аймағының гейтманы бірлесіп жұмыс істеу үшін білім және
Толық

АҚПАРАТТЫҚ БУКЛЕТ - АЭХА ТБУ БАНКІ. Мүше-мемлекеттерге төмен байытылған уранның (ТБУ) кепілденген қорын қамтамасыз ету.

АЭХА ТБУ Банкі дегеніміз не? АЭХА ТБУ Банкі – әлемде ядролық қуат өндіретін реакторлардың ең кең тараған түрі болып саналатын жеңіл суда істейтін стандартты реактор үшін отын өндіруге жарамды жалпы салмағы 90 тонна құрайтын төмен байытылған уран қоры. Мұндай реактор үлкен қаланы үш жыл бойы электр қуатымен қамтамасыз ете алады. АЭХА ТБУ Банкінің ерекше қажеттілік туындаған жағдайда жұмсалатын отынды кепілденген жеткізудің құралы ретінде қызмет етудегі негізгі қағидат – қалыпты коммерциялық нарықтың тұрақтылығына нұқсан келтірмеу. Сонымен қатар, Банктың құрылуы Агенттікке мүше-мемлекеттердің ядролық отынды циклдың дербес нысандарын құруға құқығына шектеу қоймайды. АЭХА ТБУ Банкінен отынды сатып алу мүмкіндігіне тек қана АЭХА-мен жаппай кепілдіктер жөнінде келісімдерге қол қойған және олардың қағидаттарын мүлтіксіз орындайтын мүше мемлекеттер ғана ие болады. АЭХА ТБУ Банкін құру және оның техникалық қызметі толығымен ерікті жарналар есебінен қаржыландырылады, сол себептен Агенттiк
Толық