Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат

ҚР азаматының паспортын айырбастау үшін ҚР азаматы құжаттарды толық жинап, Консулдық бөлімге жеке өзі келуі қажет. Төмендегі құжаттардың бәрі екі данадан болуы тиіс:

1. Орнатылған үлгідегі жаңа паспортқа арыз – 2 дана;

2. Туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және көшірмесі – 1 дана.;

3. ҚР азаматының паспорты және оның көшірмелері (паспорттың жеке мәліметтер туралы парақтары, Чехияға тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің белгісі, консулдық тіркеу және де тұруға ықтиярхаты) – 1 дана;

4. Тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда - Чехия мекемелерінен сізде чех азаматтығы жоқтығын және чех азаматтығын алуға арыз бермегеніңізді растайтын анықтама және оның көшірмесі (апостиль штампы,  қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен) 1 дана; Студент болған жағдайда - оқу орнынан анықтама (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен) 1 дана; Уақытша тұруға/жұмыс жасауға кеткен жағдайда - жұмыс орнынан анықтама (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен) 1 дана;

5. Неке қию туралы куәлігінің төл нұсқасы және оның көшірмесі. Егер неке қию ЧР аумағында болса, неке қию туралы куәлігіне қоса тегіңізді өзгерткенді растайтын отбасы кітабынан көшірменің төл нұсқасы мен көшірмесін қоса тапсыру қажет (апостиль штампы, қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен ) – 1 дана;

6. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және олардың көшірмелері (Егер балалар ЧР аумағында туса, туу туралы куәліктерінің апостиль штампы, қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен) – 1 дана;

7. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек.

8. Виза (соңғы визаның қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасы қажет) Тұрғылықты тұруға рұқсат бар жағдайда тек визаның көшірмесі қажет;

9. Есеп-шотқа 40,- Евро ақы төлегеніңізді растайтын түбіртегіңіздің төл нұсқасы (аудару арқылы толемдер қабылданбайды);

Қазақстан Республикасының Прага қаласындағы елшілігінің есеп-шоты:

Československá Obchodní Banka, a.s.
Счет: 241079389/0300
Embassy of the Republic of Kazakhstan.
SWIFT: CEKO CZPP
IBAN: CZ 290300 0000000241079389

Азаматтың жаңа паспорт алу туралы өтініші Қазақстанға жіберіледі. Құжаттарды қарастыру мерзімі орташа алғанда 4-5 ай.
Назар аударыңыз: ЧР-на уақытша (жеке сапар, туристік сапар) кеткен азаматтарға Паспорттары тек ЧР-дағы ҚР консулдық мекемелері арқылы ҚР құзырлы органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы арыз беріп, оң жауап алынғанда ғана ауыстырылады.

Консулдық бөлімінің қабылдау күндері :
Дүйсенбі, Сәрсенбі, Жұма - 9.00 - 12.00