Консулдық заңдастыру ережелерi

Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.
Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз.
Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.


 

КОНСУЛДЫҚ ЗАҢДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасыныѕ Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер Министрiнiң
2000 жылғы 21 қарашадағы N 264
бұрығымен бекiтiлдi


Консулдық заңдастыру е
режелері

I. Жалпы ережелер


1. Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiѕ қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.

Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.
2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады.
3. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:
1) шетелде – Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi;
2) Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi – Консулдық қызмет департаментi).
4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Косулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.
Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығаран құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша өґзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды.
6. Төмендегi операцияларды жүргiзуге уәкiлеттi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнiң атынан шетелде кез келген түрдегi iс-қимылдарды жасауға сенiмхаттарды, сондай-ақ аталған ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне байланысты басқа да құжаттарды заңдастыруды Консулдық қызмет департаментi ғана жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiѕ мазмұны бойынша Қазақстан Республикасыныѕ мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.

II. Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерiмен құжаттар мен актiлердi заңдастыру


8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс.

9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңдарына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.
10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңдары бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi.
11. Қазақстан Республикасының аумғында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.
12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады.
13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратыләан құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады.

III. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру


14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады.

15. Шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шыққан құжат немесе акт осы Ережелерде белгiленген тәртiпте заңдастыруға жатпайтын жағдайларда, Консулдық қызмет департаментi осы құжатты қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ресми мекемелерiнiң қарауына қарсылықтың болмауы туралы белгiнi құжатқа немесе актiге қоюға құқылы.
Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi.
16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс.
17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады.
18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс.

IV. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар.


Заңдастыру жазбасын жасау


19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады.

20. Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, олар Қазақстан Республикасынңѕ уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында тiркеуден өткен және тiркелгенi туралы оларда тиiстi белгілерi мен мөрлерi болған, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк ұсынылған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.
21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе консулдық мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi.
22. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын нотариалдық куәландыру заңдастыруға теңестiрiлмейдi.
23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс.
Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды.
24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.
25. Құжаттыѕ немесе актiнiң осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады.
26. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi.
27. Осы Ережелерге сйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен бекiткен Қазақстан Республикасының консулдық
алымдар Тарифiмен белгiленген консулдық алым алынады, сонымен қатар осы iс-қимылды жасағанға байланысты iс жүзiндегi шығындар өтелуi тиiс.
28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 тармағында аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады.

Консулдық заңдастыру үшін консулдық алым ставкасы 45 евро

Қазақстан Республикасының Прага қаласындағы елшілігінің есеп-шоты:

Československá Obchodní Banka, a.s.
Счет: 241079389/0300
Embassy of the Republic of Kazakhstan.
SWIFT: CEKO CZPP
IBAN: CZ 290300 0000000241079389