Елші

DSC_5127

 Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов 

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы

және Словак Республикасындағы

Төтенше және Өкілетті Елшісі 

 1976 жылғы 11 мамырда Қарағанды қаласында туған.

1993-1998 жылдары – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің студенті.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үшінші департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі.

1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Елшілігінің атташесі.

2000-2002 жылдары – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

2002 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының екінші хатшысы.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы.

2005 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық - талдау және болжамдық бағалау департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі.

2009-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – ЕҚЫҰ департаментінің директоры (2010 ж. Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің атқарушы хатшысы).

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2012 -2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры.

2015 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады.

"Құрмет" Орденімен (2010 ж.), бес мерекелік медалмен, Украинаның «Еңбек және айбын үшін» медалімен (2008 ж.) наградталған.

І сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесінің иегері.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Француз, корей және индонезия тілдерін біледі (пассивті түрде).

Үйленген, 3 баласы бар.