Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2010 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толуына орай ҚР Елшісі ЧР-ғы ТМД  дипмиссиясы басшыларымен және ЧР мемлекеттік құрылымдары мүшелерімен бірге Қызыл Армия жауынгерлері мемориалына және чех жауынгерлері жерленген «Ольшаны» прагалық зиратына гүл шоқтарын қойды.

Яблонец над Нисой атты чех қаласының әкімшілігі өтінішіне орай, ҚР Елшілігі Әзірбайжан, Белоруссия, Молдавия, Ресей, Украина дипмиссияларымен бірігіп совет жауынгерлері қаза тапқан «Яблонец над Ниcой – Рыновицах» атты бұрынғы концентрационды лагерь территориясындағы фашизм құрбандарына орнатылған Мемориалды қайта құру акциясына қатысты. 2011 жылдың 4 мамырда ЧР Қорғаныс министрінің орынбасары және қала әкімшілігінің қатысуымен аталған Мемеориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

2010 жылдың қаңтар айында Елшіліктің қолдауымен Чехиядағы «Елім-ай» мәдени орталығы Мәдениет күндерін ұйымдастырды. Бағдарлама аясында келесі шаралар өтті: әр түрлі лекциялар, көрмелер, фоторепортаждар, Қазақстан туралы деректі және көркем фильмдер көрсету, мәдениет кеші, фуршет.

2010 жылдың наурыз және қараша айларында «Тарлан» қазақстандық студенттік ұжым активімен және Чехияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен ҚР Елшісі кездесулер өткізді. Кездесу барысында Елші ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ң ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысы мен алғышарттарын  түсіндіріп, қазақстан-чех әріптестігі тақырыбындағы өзекті мәселелерді атап өтті және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Студенттердің белгілі бір тобы ЧР-да Елшіліктің басшылығымен  қазақстандық мәдени орталық ашу ұсынысын алға қойды. ЧР қазақстандық студенттер саны 750 адам, оның ішінде 63 студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда.

Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде, 2011 ж. 29 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Елшілік пен «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ бірлесіп Прага қаласында «Қазақстандық кино күндерін» өткізді. Аталған шара, чех көрермендерін қазақстандық киноматографияның жаңа еңбектері мен жалпы қазақстандық мәдениетімен таныстыру мақсатында бағыталған және қаланың тарихи орталығында орналасқан «Луцерна» атты кинотеатрында өткен. Чех кауымына соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясы түсірген бес кинокартиналар  көрсетілді, солардың арасында: Ф.Шәріповтің "Қызғылт қоян туралы аңыз", Д.Жолжаксынов пен Р.Әлпиевтің «Біржан Сал», Қ.Ахметовтың «Кімсіз Ка мырза?», С.Құрманбетовтың «Секер» драмасы және С.Нұрымбетовтың «Мұстафа Шоқай» тарихи драмасы. «Қазақстандық кино күндері» бірінші күні өткен ресми ашылымда ЧР-дағы ҚР Елшісі А.Қарашев және әйгілі чех кинорежисер мен киносыншы З.Трошка сөз сөйледі.

2011 ж. қарашада әлем әдебиетінің дамуына маңызды үлес қосқаны үшін қазақ әдебиетінің әйгілі классигі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әкім Таразыға, жас дарынды жазушы Асқар Алтайға, драматург, Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының иегері Роза Мұқанова Франц Кафканың арнайы дипломдарына ие болды. Бұл жүлде Прага қаласындағы Ф.Кафканың Еуропалық қауымдастығымен үздік өнер қайраткерлеріне жылда тапсырылады. Өткен жылдар ішінде осы жүлдеге әйгілі кинорежиссер Стивен Спилберг пен Милош Форман, жазушы Александр Солженицын және тағы да басқа суретшілер, мүсінші мен әртістер ие болған.

2013 ж. қараша айында қазақ опера әншісі Н.Үсенбаеваның гала-концерт өтті. Концерттен түскен барлық қаражат ауруға шалдыққан балаларды емдеуге жіберіледі. 29 қараша 2013 ҚР «Қазақстан камератасы» классикалық мемлекетінің камералық музыка оркестрінің концерті.

2015 жылдың шілдесінен Прага мен Пльзень қалаларында жастар Камералық хор «ТҮРІКСОЙ» жасаған.

2015 жылы қыркүйек айында қазақ мәдени орталығы «Елім-ай» ұйымдастырған Чехия, Қазақстан Халық Республикасының Мәдениет күндері өтті.