Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық ынтымақтастық Экономикалық, өнеркәсіп және ғылыми-сауда ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес негізделген (Астана 08.09.2004 ж.), Өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге (Прага, 08.10.1996 ж.) және ҚР мен ЧР арасындағы табыс пен капиталға қатысты екі жақты салық салудан құтылу және салықтан жалтаруды болдырмау жөніндегі конвенциясы (Алматы, 09.04.1998 ж.).

Қаржы дағдарысы екіжақты тауарайналымына аса әсерін тигізген жоқ. 2011 ж. бойынша тауарайналым 211 млн. долл., бұл ұқсаса мерзімде 2010 ж. - 186,9 млн. (экспорт – 38,1 млн., импорт – 148,8 млн.) 0,26% көрсеткіштен кем. 2010 ж. екіжақты тауарайналымы 207,1 млн., 2009 ж. – 206,7 млн., 2008 ж. – 258,7 млн. құрады.

Чехияға Қазақстанан мұнай саласы, химиялық өнеркәсібінің өнімдері, нақты айтқанда сары фосфор және металдар әкелінеді. Чех Республикасының импорты әртүрлі құрал-жабдықтар, материалдар, тазартқыш жабдықтар, элетротехникалық құралдар, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз, әйнек, керамика және тағыда басқа халық тұтынатын тауарлардан тұрады.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2011 ж. 30 қыркүйегіне сәйкес ҚР Чехиядан құйылған инвестицияның көлемі 157,7 млн. долл. құрады (2011 ж. 3-ші тоқсанда - 11,1 млн. АҚШ долл.).

2009 ж. және 2012 ж. наурызда қабылданған ЧР жаңа экспорттық стратегиясына сәйкес, Қазақстан Чехияның 12 мемлекет тізіміне сауда келешегі бар әріптес ретінде енгізілді. Осы шешім чех үкіметімен сыртқы сауда бағытын біртіндеп шығыс нарықтарына бағыттау мақсатында қабылданған болатын. Сондай-ақ, Чехия Қазақстанды өз өнімдерін сату үшін Орталық Азиядағы келешегі бар бірден бір нарық ретінде қарастырған деп айтуға болады.

Чехияның өз қуат көздерінің әкелу жолдарын қайта қарауына орай, энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатты қызығушылық байқалуда. Қазақстандық тарап үшін жылдам индустриализация мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Чехиядан машинажасау технологияларды әкелу маңызды болып отыр, өйткені аталған сала чех экономикасының экспорт негізін құрайтын және ең дамыған жағы болып саналады.

Қазақстанда чех капиталы бар 76 кәсіпорын және 20 чех фирмалардың өкілдіктері тіркелген.

2007 ж. сәуір айында «Прага – Алматы – Прага» әуебағыты бойынша «Чех әуе жолдары» компаниясымен аптасына үш рет жасайтын тікелей рейс ашылды.

Қазақстан Республикасының АҚ «Азия авто» және Чех Республикасының А.S. «SKODA Auto» компаниясымен бірге «SKODA OKTAVIA» және көрнекті классты «PRESIDENT EDITION» автокөлігін жинақтайтын конвейр ашылды. Зауыттың ашылған уақыттан бері 1500 автокөлік жасап шығарылды.  «Codeco» чех ірі компаниясы 2010 ж. Алматы қаласында «Чех террасалары» атты элиталық үй кешендерді сала бастады. Осы жобада құрылыс саладағы казіргі заманғы жаңа технологиялардың енгізілуі жоспарлануда.  2011 ж. мамырда еуропа бойынша фосфор жасап шығаратын «FOSFA» атты ірі чех компаниясы «Казфосфат» АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру және келешекте сары фосфордан өнім шығаратын зауытты салу туралы келісімге қол қойды.

«Ecofluid» компаниясы Қазақстанда тазартқыш жабдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыруда. 2010 ж. кәсіпорын Қарағанды облысында коммуналдық жүйелерді ауыстыру бойынша ірі тендерлерді ұтып алған болатын.

Денсаулық сақтау салада «PURO KLIMA» чех компаниясы Ақтау қаласында мемлекеттік клиниканы салу бойынша жобаны жүзеге асыруда. «LINET» компаниясы Алматы қаласындағы жедел көмек көрсету ауруханасына жаңа медициналық құрал-жабдықтарды әкелу бойынша жобаны іске асыруда. «LAB Pharma spol.s.r.o.» компаниясы Астана қаласында дәрі формаларды әзірлейтін цехті салу жобасын бастады (2010 – 2011 жж.).

Үкіметаралық комиссия. Қазақстандық тараптан қазақстан – чех Сауда-экономикалық, кәсіпорын және ғылыми-техникалық үкіметаралық комиссиясының теңтөрағасы ҚР Өнеркісіп және жаңа технологиялар Вице-министрі Б.Жақсалиев. Чех тарапы жағынан теңтөрағасы ЧР Өнеркісіп және сауда Вице-министрі М.Говорка.

2005 ж. бастап комиссияның 5 отырысы өтті, соңғысы – Прага қаласында 2011 ж. 1 шілдеде өткен. Комиссияның күн тәртібі энергетика, өнеркәсіп және инновациялық даму, көлік, ауылшаруышылығы, қаржы, туризм, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және техникалық реттеу салаларындағы мәселелерді қамтиды. Оның хаттамасында тараптар Комиссия шеңберінде өнеркәсіп жөнінде жұмыс тобын ашу туралы жөнділігін атап өтті.

Энергетика жөніндегі жұмыс тобы. 2007 ж. бастап үш отырыс өткізілді, соңғысы – Астана қаласында 2009 ж. қарашада өткен, оның шеңберінде Қазақстанның «Дружба» және «Адрия» мұнайқұбыры жобаларына интеграция мәселелер талқыланды, мұнайгаз машинажасауды дамыту, энергетика саласында қоршаған ортаны қорғау технологияларын қолдану, энергетикалық объектілерді жекешелендіруге атсалысу, қазақстандық мамандарды Чехияның озық кәсіпорындарда газтарату жүйелерін қайта жаңғартуды оқыту, &laqlaquo;Vemex s.r.o.» чех компаниясымен Қазақстандағы мұнайкөзін сатып алу, Чехияның Ядролық зерттеу институты мен Қазақстанның тиісті мекемелері арасында ынтымақтастықты орнату мәселелер талқыланды.

 Сонымен қатар, экономикалық әріптестік келесідей екіжақты Келісімдерге негізделеді: ҚР және ЧР арасындағы инвестицияларды қорғау мен қолдау туралы Келісім (08.10.1996г.); ҚР Сауда Өндірістік палатасы және ЧР Экономикалық палатасы арасындағы әріптестік туралы келсім (25.06.1997г.).

2014 ж. 24 қарашада Қазақстанда Чехия M.Земанның Президенті ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 120-дан астам қазақстандық компаниялар мен чех бизнесі 80 өкілдері қатысты Қазақстан-Чехия бизнес-форумының ашылуына қатысты. «ЧехТрейд» экспорт сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы индустрия одағының сыртқы сауда палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді экспорт және инвестициялар «KAZNEXINVEST» және агенттігінің ұлттық агенттігі «АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды - іс-шара барысында, институционалдық деңгейде 2 келісімшартқа қол қойды. Ол Протон Терапия Прага мен онкология АҚ Ұлттық ғылыми орталығы орталығының және трансплантология (Астана) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, бизнес-форумының соңында 450 миллион АҚШ доллар 9 келісімге қол қойылды.